Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырауда алғаш рет «Екі орам» атты шұлық тоқу қайырымдылық акциясы өтті

Атырауда «Екі орам» атты шала туған нәрестелердің өмірін сақтау үшін 100 шұлық тоқу акциясы ұйымдастырылды.

Дәрігерлердің айтуынша, табиғи жүн нәрестенің терісін тітіркендіріп, жүйке рецепторларына оң әсер етеді, мұның балалар үшін пайдасы зор.

-Наурыз мерекесі қарсаңында өңірде алғаш рет өткізіліп отырған іс-шараға 100 қатысушы келіп, осы жерден 100 шұлық тоқуда. Дайындалған өнім Атырау облысы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері мен қатысушылар атынан перзентхананың бас дәрігеріне табысталады. Акция «SAMRUK-KAZYNA TRUST» Ұлттық қорының бас директоры Алфия Адиеваның арнайы қатысуымен өткізіліп отыр,- деді Атырау облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаева.

Мамандардың сөзінше, жүннен тоқылған киімдер жылуды өте жақсы сақтайды. Көбіне салмағы бір келіге де жетпейтін шала туған шақалақ үшін бұл өте маңызды.

-Қазақстанда жыл сайын айы-күні жетпеген 3000-4000 бала дүниеге келеді. Күні жетіп туған балаға қарағанда, шала туған бала жылулықты сезінбейді. Қазақта баяғыдан жүннен тоқылған бұйымдардың барлығының жылулығы бар деп айтқан. Соны естіген шетелдіктер шала туған баланың аяғына таза жүннен тоқылған шұлықтарды кигізіп қояды екен. Дүниеге келгеннен кейін барлық бала жылулықта өсіп-өнуі тиіс. Сондықтан мұндай бастама Атыраудың қыз-келіншектері наурыз мерекесінде 100 шұлық тоқуы үлкен дәстүр. Бүгінгі бастамаларыңыз құтты болсын. Дүниеге келген сәбилеріміз ауырмасын,- деп тілек білдірді «SAMRUK-KAZYNA TRUST» Ұлттық қорының бас директоры Алфия Адиева.

Айта кетейік, аталған іс-шараға Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қолөнершілер, студент жастар қатысты. Сонымен қатар акция аясында қыздарға тоқудан шеберлік сабақтары өткізілді.

Back to top button