Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Өзбекстанда іздеуде жүрген азамат Атыраудан анықталды

Көші-қон қызметі бөліністеріне жүктелген міндеттердің бірі – сот орындаушылардың қаулылары негізінде іздеу жарияланған борышкерлердің тұрғылықты жерлерін анықтау. Бұл бағытта Атырау облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

Мәселен, өткен жылы Атырау облысы бойынша 100-ден астам борышкерлерге сот орындаушылардың қаулылары негізінде іздеу жарияланса, есепті мерзім соңында 79 борышкердің тұрғылықты жерлері анықталып, арнайы есептерден түсірілді. Іздеу жарияланған борышкерлердің ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса шетелдіктер де кездеседі.

Ал, 27 ақпан күні жүргізілген іс-шаралар барысында «борышкер» санаты бойынша мемлекетаралық іздеуде тұрған 1991 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматшасы анықталды. Аталған шетелдік борышкерге 2022 жылдың 5 желтоқсан күні сот қаулысымен 53603 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар, тексерулер барысында шетелдіктің еліміздің аумағында болу заңдылығын бұзғандығы анықталды. Нәтижесінде, борышкерден мемлекет пайдасына берешегін толықтай өндіру бағытында шаралар қабылданып, айыппұл өндіріліп, жазбаша түсініктемесінің негізінде іздестіру есептерінен түсірілді.

Еліміздің аумағында болу мерзімі өтіп кеткен аталған шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлімімен іс-құжаттар жинақталып, жауапкершілікке тартылды.

Back to top button