Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицерімен кездесті

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы заң басқармасының аға офицері әділет подполковнигі Нұрбақыт Қарақасов әскери қызметке түсуді насихаттап, түсіндіру мақсатында Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Н.Қарақасов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери жоғары оқу орындарына және келісімшарт бойынша қызметке түсу шарттарын түсіндіріп, әскери қызметшілерге берілген барлық шарттар мен жеңілдіктер туралы айтып өтті.

Сонымен қатар ол, «Срочники 2.0» бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтты. Яғни, аталған бағдарлама бойынша сарбаз мерзімді қызметі аяқталғаннан кейін жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз және емтихансыз тегін негізде түсе алады.

— Әңгіме өте қызықты және танымдық болды. Біздің студенттер әскери қызметке қызығушылық танытты, өйткені әскерилердің күнделікті жұмысынан басқа жауынгерлік даярлығы да бар, онда олар үнемі спортпен шұғылданады және түрлі қару түрлерін атудан дайындалады, — деді Атырау бизнес және құқық колледжінің Экономикалық-құқықтық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы Әсел Нұртазина.

Сондай-ақ кездесу барысында әскери ведомство мен аталған оқу орнының өкілдері ашық есіктер мен бірлескен мерекелік іс-шаралар өткізу бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты. Алдағы уақытта «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері базасында колледж студенттерінің оқу-тәжірибелік тағылымдамаларын өткізу жоспарланып отыр.

Back to top button