Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі аппараты басшының бұйрығымен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Серік Әміров тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, абыройлы қызмет тіледі.

Серік Әміров 1979 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Д.И.Курский атындағы Саратов мемлекеттік құқық академиясын «заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлімдерінде прокурор қызметінен бастаған.

2004 жылдан Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылы Маңғыстау облысы прокуратурасының басқармаларында прокурор, аға прокурор қызметтерінде болды.

02.2012 — 03.2016 жылдар аралығында Ақтау қаласы прокурорының орынбасары;

03.2016 — 12.2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі, қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы;

07.2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары қызметінде болды.

Back to top button