Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атыраулық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсынан жеңіспен оралды

Атыраулық оқушылар Щучинск қаласында өткен 2-7 сынып оқушылары арасындағы ХІХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсынан жеңіспен оралды.

Аталған республикалық конкурс қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өткізіліп отыр. Оған еліміздің 23 өңірінен 368 оқушы қатысып, 7 секцияда өз жобаларын қорғады. Ал Атырау облысынан 9 оқушы бақ сынаған болатын.

-Облыстық байқауда жүлдегер атанып, енді міне республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсынан жеңіспен келіп жатырмыз. Бұл жарыс жыл сайын ұйымдастырылып отырады. «Этномәдениеттану» секциясы бойынша «Қазақ халқы ауа-райын қалай болжаған?» деген тақырыпта өз жобамды қорғадым. Бұл жарыстан жүлде алғаныма қатты қуаныштымын және орын алған оқушыларды шын жүректен құттықтаймын-, деді Исатай ауданы Х.Наубетов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Нұрсая Талапкер.

Жарыс қорытындысымен «Этномәдениеттану» секциясы бойынша І орынды Исатай ауданы Х.Наубетов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Нұрсая Талапкер (жетекшісі Нұрбике Ерғалиева), ІІ орынды «Технология және өнер» секциясы бойынша Атырау қаласы №34 көпсалалы мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Кәусар Амангелді (жетекшісі Ақмарал Шиганова), ІІІ орынды «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Інжу Жалғас (жетекшісі Айсәулем Жауынбаева) иеленді. Сонымен қатар «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Інжі Жалғас (жетекшісі Айсәулем Жауынбаева) Алғыс хатпен марапатталды.

Back to top button