Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында өтіп жатқан ел біріншілігінде атыраулық Евгений Поливадов грек-рим күресінен 82 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Аталған жарысқа 600-ге жуық спортшы қатысса, Атырау облысынан 15 спортшы бақ сынады.
Евгений Поливадов ақтық сында Жетісу облысының спортшысы Альмир Төлебаевпен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін Е.Поливадов 87 келі салмақта 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері және «Мұнайлы астана» кубогінің жеңімпазы атанған болатын.
Айта кетейік, Евгений Поливадовтың әкесі Александр Поливадов өңірде грек-рим күресінен ересектер арасында аға жаттықтырушы және ұлының жеке бапкері.