Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында сайлау комиссияларының, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялардың, өңір жастарының қатысуымен іс-шара өтті.
-Бұл кездесудің негізгі мақсаты — халық пен сайлаушылардың арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сайлауға деген білімді жетілдіру. Дөңгелек үстел барысында саяси партиялардың және қоғамдық ұйым өкілдері жалпы сайлау жүйесі туралы заңнамасында болып жатырған өзгерістер туралы ақпараттандырылды. Сонымен қатар сайлаудағы байқау жұмысы және қоғамда аккредиттелген ұйымдардың міндеттері мен құқықтары туралы ақпараттар берілді. Кездесу барысында қатысушылар сайлау жүйесін жетілдіру, дамытуға қатысты және көптеген осы жүйеге байланысты өздерінің ұсыныстарын берді,- деді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.
Іс-шара соңында сайлауға қатысты алдағы жоспарлар айтылды. Аталған жоспар аясында сайлау комиссияларын оқыту жөнінде және халықтың арасында сайлауға қатыстық құқықтың білім мен мәдениетті қалыптастыруға байланысты іс-шаралар өткізілмек. Сонымен қатар шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына жаңа депутатты және ауыл әкімдерін сайлау жөнінде жоспарлар да бар екені айтылды.