Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 25 қаңтардағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады.

«Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруге шақырылсын», — делінген құжатта.

2024 жылы әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлер саны

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – 600 адам;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
  • Ұлттық ұлан – 42 адам;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 адам.

Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.

Back to top button