Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда 100 млн теңгенің құрылғысымен 2 жасар баланың желкесіндегі ісікке ота жасалды

Атырау облыстық балалар ауруханасында ең қымбат құрылғымен 2 жасар баланың желкесіндегі ісікке жасалған ота сәтті өтті.

Жаңа құрылғының құны — 100 млн теңге.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтың айтуынша, заманауи құрылғы «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен алынған.

«Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесі жаңа медициналық құралдармен толықты. Атап айтсақ, отаға арналған үстел, нейронавигация құрылғысы мен нейромонитор барлық ота кезінде қолданылатын қосалқы бөлшектерімен алынды», — дейді Қайсар Абдалиев.

Облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ербол Есболаевтың пікірінше, аталған құрылғылардың, оның ішінде ота үстелінің маңызы зор.

«Енді бас сүйекте, ми мен жұлында туабітті немесе кейін пайда болатын ісік, өзге де жарақаттарды толық емдеуге мүмкіндік ашылып отыр. Нейромонитордың ота кезінде белгілі бір патологияның ену жолын дәл табуға септігі мол. Мұны мидағы патологияларды тез анықтауға мүмкіндік беретін инновациялық құрылғы деп айтуға болады», — деп түсіндірді Ербол Есболаев.

Аурухана дәрігерлері жаңа құрылғымен рет екі жасар баланың желке тұсындағы ісікті алып тастау үшін ота жасады.

Back to top button