Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырауға шетелдік жұмыс күшін тартуға 5 115 квота бөлінген

Атырау облысына биыл шетелден жұмыс күшін тарту үшін 5 115 квота қарастырылып отыр.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, квота бірнеше санат бойынша және маусымдық жұмысқа бөлінеді.

«Атырау облысына шетелден жұмыс күшін тартудың үш санаты бар. Мәселен, биыл І санат бойынша 69, ІІ санат үшін 865, ІІІ санатқа 3 481 квота бөлу қарастырылды.  Маусымдық жұмыстарға 700 квота бөлінді», — деп мәлім етті Азамат Мәмбетов.

Оның дерегіне сүйенсек, Қазақстанға тұрақты тұруға ниетті қандастарға көмек көрсету жоспарланып отыр. Биыл мұнайлы өңірге 237 қандас көшіп келуі мүмкін.

Back to top button