Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен арадағы қарым-қатынастың келешегі туралы пайымын айтты.
«Бүгінде Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы достық, тату көршілік және мәңгілік стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Біз Төраға Си Цзиньпинмен бірге Қазақ¬стан мен Қытай арасындағы ынтымақ¬тастықтың жаңа „алтын отыз жыл¬дығына“ қадам бастық. Мен былтыр Қытайға бір емес, екі мәрте сапармен бардым. Бұл — елдеріміз арасындағы тығыз ықпалдастықтың айқын дәлелі. Қытай көшбасшысымен Сианьда және Бейжіңде мазмұнды келіссөздер жүргізіп, маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Оны жүзеге асырудың нақты жолдарын белгіледік. Осындай жеке жүздесулер Астана мен Бейжіңнің байланыстары жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бүгінде қазақ-қытай қатынастары көпке үлгі болып отыр деп сеніммен айта аламын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында.