Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Серік Шапкенов су сору станциясындағы апатты жағдайды жоюға қатысқан азаматтарды марапаттады

Облыс әкімі Серік Шәпкенов аязды күнде уақытпен санаспай, қатерге бас тіккен су тазарту қондырғысының сорғы станцияларын мұздан тазартқан сүңгуірлерді қабылдап, марапаттады.

— Кез келген саланың өзіндік қиыншылығы мен қызығы қатар жүреді. Соның ішінде түрлі тосын жағдайда ел ауыртпалығын жеңілдетіп, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін қалыпты жағдайға келтіру оңай шаруа емес. Талай сынақтан өткен, кәсіби маман ретінде Сіздердің есіміңіз құрметпен аталады. Батыр да қарапайым адам. Сіздердің елге жасаған ерлікпен пара пар еңбегіңіздің қадыр-қасиеті тағылымды мәнімен қымбат. Халық қажетіне жасалған қызмет — еш кетпейді. Өнегелі іс-әрекетіңіз кейінгі ұрпаққа ортақ үлгі. Әрқашан сенім үдесінен шығып, ел алғысына бөлене беріңіздер деп тілек білдіремін!-деді С.Шәпкенов.

9 желтоқсанда Жайық өзенінің бетінде шәуіш пайда болып, су сору қондырғыларының жұмысын реттеу үшін облыста су беру уақытша тоқтатылды. «Атырау арнасы Су арнасы» КМК және гидротехникалық компанияның сүңгуірлері осы күні жанкештілік танытып, суға түсіп, құбырларды мұздан тазартты. Нәтижесінде бір тәуліктің ішінде облыс халқы сумен толық қамтылды.

Жиында облыс әкімі бейбіт күннің батырларына су асты-техникалық жұмыстарды атқару кезінде біліктілік пен іскерлік қабілетін танытқаны үшін Қазақстан Республикасының Су және ирригация министрінің және облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Құлбаев Талғат Сарсенбайұлы — су құбыры жүйелерінің тазарту станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру қызметінің жөндеуші слесарі;

Сағындықов Ерғазы Қанаұлы — Сумен жабдықтау және желілерді диагностикалау қызметінің жөндеуші слесарі;

Молдағалиев Амангелді Сағынғалиұлы – су құбыры жүйелерінің тазарту станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру қызметінің жөндеуші слесарі;

Салуян Сергей Анатольевич – сүңгуір маманы (гидротехникалық компаниясы);

Черепанов Николай Борисович — сүңгуірлік түсу жетекшісі (гидротехникалық компаниясы);

Акентьев Владислав Витальевич – сүңгуір (гидротехникалық компаниясы);

Погодаев Владимир Георгиевич –жүргізуші;

Исағалиева Жәмила Орынбасарқызы — су құбыры жүйелерінің тазарту станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру қызметінің бас технологы;

Рецкий Денис Владимирович — су құбыры жүйелерінің тазарту станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру қызметінің жөндеуші слесарі;

Шайхиев Мұстажап Мұфтоллаұлы — су құбыры жүйелерінің тазарту станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру қызметінің жөндеуші слесарі;

— Қапсаликов Мырзабек Апенұлы — су құбыры жүйелерінің тазарту станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру қызметінің жөндеуші слесарі;

— Мұсағалиев Абай Сабырұлы — су құбыры жүйелерінің тазарту станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру қызметінің электргазбен дәнекерлеуші.

Айта кетейік, 2024 жылы сyды тұтынудың өсіп келе жатқан көлемін қамтамасыз ету және су қысымын тұрақтандыру үшін тәулігіне 180 текше метр қалқымалы сорғы станциясының жобасы жасалды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамаға жолданады. Құрылыс жұмыстарын іске асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланды.

Back to top button