«Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Теңіз жүрегі» жобасы аясында еріктілер Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды.
— Балалар қысқы киімдерді — жылы күртешелерді, қысқы етіктерді, пальто мен кроссовкаларды сыйлыққа алды. Жыл бойы біз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын барлық жағынан қолдауға тырыстық. «Теңіз жүрегі» еріктілерімен бірге олар үшін түрлі іс — шаралар өткізіп келеміз. Ал жаңа жыл қарсаңында дәстүр бойынша біз балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, ұмытылмас көңіл-күй сыйлап, сыйлықтар ұсынғымыз келді, — деді «Friends of Atyrau» қауымдастығының басшысы Энн Финстуен.
«Теңіз жүрегі» жобасының еріктілері осы орталықтың балаларына әртүрлі тақырыпта шығармашылық шеберлік сағаттарды, кино-тайм, спорттық жарыстар мен мәдени демалыстарды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ, орталыққа теледидарлар, динамиктер, караокені сыйға тартты.
-Бүгінгі іс-шара бізге өтте қатты ұнады, сіздерге көп рахмет! Баршаңызға зор денсаулық тілеймін, жаңа жылдарыңыз құтты болсын!,- орталықтың тәрбиеленушісі Нұрқадам Ережепов.
Айта кетейік, орталықта барлығы 30 бала тәрбиеленіп жатыр. Биыл оларға еріктілер 10-нан астам іс-шара ұйымдастырды.