Атырау қаласы мектептерінің оқушылары ертең түске дейінгі сабақты онлайн форматта оқыды.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, ауа райының күрт салқындауына байланысты осындай шешім қабылданған.
«11 желтоқсанда Атырау қаласында орналасқан мектептерде бірінші ауысым сабақтары қашықтықтан оқытылады. Балабақшалар ата-аналардың қалауы бойынша бала қабылдайды. Өзге оқу орындары штаттық режимде жұмыс істей береді», — деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.