— Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 2,4 трлн теңге. Оның ішінде сыртқы инвестиция 902,5 млрд теңгені, ішкі инвестиция 1 533,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылы Атырау облысында -«NCOC» компаниясының теңіз түбін тереңдету жобасы мен «КРІ» ЖШС-ның полипропилен өндірісі жобасы аяқталды. Соның себебінен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі төмендеді. Есепті кезеңде облысқа 3,5 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуға – 3,4 млрд АҚШ доллары, құрылысқа – 114,2 млн АҚШ доллары, кәсіби, ғылыми-техникалық қызметке – 22,9 млн АҚШ доллары, басқалары – 3,8 млн АҚШ доллары,-деді С.Шәпкенов.
Биыл облыста 3 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Солардың бірі құны 76 млрд теңгені құрайтын Атырау қаласынан жүк тасымалдайтын теміржол вагондарын жасау зауыты(«ТексолТранс» ЖШС). Қуаттылығы – жылына 6 000 вагон. Зауытта 1 700 адам жұмыспен қамтылады. Іске асыру мерзімі – 2024-2026 жылдар.
Сұйытылған газ сақтау қоймасы («ТексолТранс» ЖШС). Жоба құны – 18 млн доллар. Қоймада 3 000 тонна (6 000 текше метр) газ сақтауға болады. 60 жұмыс орны ашылады.
Жылына 1 323 тонна көкөніс алуға мүмкіндік беретін жылыжай құрылысы («Айдана Агро» ШҚ). Жоба құны – 8 млрд теңге. Жылыжайда 60 адам еңбек етеді.
Бұдан бөлек, осы жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында ашу жоспарланған
3 жобаның іске қосу мерзімдері объективті себептерге байланысты 2024 жылға ауыстырылды. Қазіргі уақытта аталған жобаларда жұмыс жүріп жатыр.