Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Биыл Атырауда мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артып отыр

Бұл туралы Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Мейіржан Мұқасов мәлім етті.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасымен жалпы сомасы 256 млрд теңге болатын конкурс тәсілімен 1072 мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Оның ішінде, қайта жарияланған конкурстар да бар.

Осы жылы үнемделген шартты сома – 7,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде, жасалған жұмыстар бойынша — 195,6 млрд теңге болатын 322 конкурс, көрсетілетін қызметтер бойынша — 33,6 млрд теңгеге 439 конкурс және тауарларды сатып алу бойынша жалпы сомасы 26,6 млрд теңгені құрайтын 311 конкурс өткізілді.

— Өткізілген мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артып отыр. Нақтырақ айтсақ, былтыр жыл қорытындысы бойынша сомасы 232,1 млрд теңге болатын жалпы саны 386 конкурс өткізілсе, биыл 256 млрд теңгені құрайтын 1072 конкурс өткізілді,- деді М.Мұқасов.

Сонымен қатар басқарма басшысы брифинг барысында қала және аудандар бойынша биылға қанша мемлекеттік сатып алу жарияланғаны жөнінде де жекелей атап өтті.

— Жалпы айта кетейін, биыл Атырау қаласы бойынша 433 мемлекеттік сатып алу жарияланса, Махамбетте 153, Жылыойда 70, Исатайда 44, Мақатта 106, Индерде 157, Қызылқоғада 72, Құрманғазы 129 мемлекеттік сатып алу жарияланды,- деді ол.

Back to top button