Қазақстан Республикасы «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» негізінде Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері колледж жатаханаларына рейдтік іс-шаралар кешенін өткізуде.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Атырау ҚПБ учаскелік полиция инспекторы және кинология орталығының кинолог мамандары Атырау жоғары медициналық, көлік және коммуникация колледждерінің жатаханаларында тексеріс жұмыстарын жүргізіп, студенттерге профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты — синтетикалық есірткіні жасырын тығу арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу. Қазіргі таңда бұндай рейдтік іс-шаралар қала аумағындағы барлық университет және колледж жатаханаларында өткізілетін болады.