Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атыраудағы ауруханалардың асханасы санитарлық талапқа сай емес

Атыраудағы ауруханалардың асханасы санитарлық талапқа сәйкес келмейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер тобы үш ауруханадан бірнеше кемшілікті анықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жергілікті волонтерлері «Әділдік жолы РҚБ Атырау филиалымен бірге ауруханаларға мониторинг жүргізген.

-Мониторинг кезінде облыстық балалар ауруханасы, психикалық денсаулық орталығы мен онкологиялық диспансердің асханаларынан бірнеше кемшілік анықталды. Аталған емдеу орындарының асханадарында тамақ өнімдерін пайдаланудың басталған туралы таңбалау жоқ. Дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынбаған. Тамақ мәзірі денсаулық сақтау ұйымы басшысымен бекітілмеген. Көкөністерді сақтау шарттары сақталмаған. Мұның бәрі Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Back to top button