Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

25 жастағы Атырау тұрғыны «Шахмат керуенінің» финалына өтті

Ел аймақтарының үздік зияткерлерін анықтайтын «Шахмат керуені» жобасы 28 қазан күні Атырауда жартылай финал өткізді. Сұлтан Бейбарыс алаңындағы киіз үйде болған блиц-турнирге облыстық кезеңнен іріктелген 20 әуесқой ойыншы қатысты. Шахмат додасында үздік нәтиже көрсеткен үш жеңімпаз 10 қараша күні Түркістан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама алды.

Олар: І орын – Боран Шыңғыс;
ІІ орын – Аят Абдуллаев;
ІІІ орын – Нұрбек Хайрошев.

Жартылай финалдың 25 жасар жеңімпазы Боран шахмат тек ойында емес, өмірде де алдын ала стратегия құруға, тығырыққа тірелгенде жедел және дұрыс шешім қабылдауға көмектесетінін айтады. Оның сөзінше, шахматты жақсы ойнайтын адам әр қадамын ертерек болжап, мәселенің түйінін тезірек табады.

Сондай-ақ керуен сапарында Қазақстан шахмат федерациясының облыстық филиалы ашылып, оның төрағалығына атыраулық бизнесмен Халиолла Акдрашев тағайындалды.

Back to top button