Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордада өтіп жатқан «Барыс» командасы мен Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасының кездесуі қайтыс болған шахтерлердің рухына тағзым ретінде бір минуттық үнсіздікпен басталды.
Қазақстандық команда қазір 24 ойыннан кейін 21 ұпаймен Шығыс конференциясында 11 орында келеді.
Ал «Торпедо» 23 ойыннан кейін 30 ұпай жинап, Батыс конференциясында төртінші орында тұр.