Франция президенті Эммануэль Макрон мен Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров Костенко шахтасындағы төтенше жағдайдан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты.
Қазақстанға ресми сапарыма, қазақ халқына деген достық қарым-қатынасымды көрсетуге бірнеше күн қалғанда ел шахталарының біріндегі қайғылы жағдай туралы хабар келді. Шахтада қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды Эммануэль Макрон әлеуметтік желіде.