Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТуризм

Қазақстанда Bed tax туристік салығы жойылды

Bed tax туристік салығын алып тастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты. Бұл туралы  Казинформ жазды.

«Біз Bed tax салығын жою шешімін қабылдадық. Ол отандық бизнес үшін де, келуші шетелдік туристер үшін де белгілі бір қолайсыздықтар туғызады», — деді Ержан Еркінбаев.

Вице-министр атап өткендей, ел бойынша осы туристік алым енгізілген сәттен бастап 500 млн теңге жиналған.

«Bed tax-тың идеясы дұрыс болған. Оның минусы – ақша жергілікті бюджетте қалды. Олар орталық бір қорға түссе, онда оның пайдасы біздің еліміздің туризм әлеуетін жарнамалауға жұмсауға болатын еді», — деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.

Бұған қоса ол министрлік сыныбымен лагерге баратын балалар үшін ұшақ билетін тегін етуді ұсынып отырғанын айтты.

Back to top button