Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні кәсіби мерекесіне орай І дәрежелі «Айбын» орденінің иегері — Асқар Забикулинді еске алуға арналған өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті.
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында, өрт сөндіру бөлімдері арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Аталған сайысқа 15 командада барлығы 78 қызметкер қатысты.
Іс-шараны Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Тілекқабыл Досмаганбетов ашып, қызметкерлерге сәттілік пен жоғары спорттық көрсеткіштер көрсетулерін тіледі.
Жарыс үш кезең бойынша яғни, «Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілу», «Кедергілері бар 100 метр жолақтан өту», «Жауынгерлік қанат жаю» кезеңдері бойынша өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командасы үздік көрсеткіштер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды – №14 өрт сөндіру бөлімі командасы, үшінші орынды – №5 өрт сөндіру бөлімі командасы иеленді.