Атырау қаласының күніне орай, қала әкімдігінің қолдауымен Отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленуші балаларға арналған «Біз бақытты баламыз» атты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімнің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысты.
— Бұл дүниеде баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау — мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Бүгін арнайы сіздер үшін қала әкімі Шәкір Кейкін мырзаның атынан сіздерге жақсы көңіл сыйлап, осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Қала күні құтты болсын! Атырауымыз гүлденіп, көркейе берсін!- деді Н. Ермұханов.
Шарада атыраулық жас таланттар өнер көрсетіп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.