Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда биыл 2300-ге жуық адам жүрек ауруымен тіркелді

Облыс бойынша жыл сайын скринигтік тексеру жұмыстары жүргізіледі. Скрининг 30-70 жас аралындағы ер адамдар мен әйел адамдарды қамтиды. Облыста 50000-нан астам адам қаралса, солардың ішінен 2300-ге жуығынан жүрек ауруы табылып отыр. Бұл туралы облыстық кардиология орталығының дәрігер-кардиологы Айдана Ізмұханова баспасөз брифингінде мәлім етті.

Бүгінде жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 50%-ға жуығын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды.

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек-қан тамырлары ауруларының эпидемиясы — тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның жағымсыз факторларының 80%-дан астамы адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік жүрек-қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор. Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор, ол – темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық болып отыр, — деді А.Ізмұханова.

Оның айтуынша, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алу үшін бірнеше маңызды нәрселерді есте сақтау керек. Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту және тиімді тамақтану ережелерін сақтау қажет. Сонымен қатар майлы тамақтардан бас тартып, тұзды пайдалану мөлшерін тәулігіне 4 граммға азайтқан жөн.

Back to top button