Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Жылыой аудандық емханасында «БолашақК» қоғамдық қорының мамандары балаларды тегін қарап, кеңестер беруде

Жылыой аудандық орталық ауруханасының емханасында «ерте араласу» бағдарламасы бойынша «БолашақК» қоғамдық қорының мамандары 3 жасқа дейінгі балаларды тегін қарап, тексерулер жүргізіп, кеңестер беруде.

Аталған тегін кеңестерді 25-27 қыркүйек аралығында невролог пен реабилитолог дәрігерлер өткізуде. Қабылдауды «БолашақК» оңалту орталығының жетекші мамандары жүргізуде. Кеңестер «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының қаржылық қолдауымен іске асырылатын «Атырау облысында ерте араласу» бағдарламасын енгізу жобасы шеңберінде өткізіліп отыр.

-Ерте араласу — болашақ баланы қалыптастырудың кілті. Біз ата-аналар мен балаларға салауатты даму үшін мықты іргетас құруға көмектесуге дайынбыз және осы бағдарламаны іске асыруда «БолашақК» ҚҚ-мен ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің ауданымыз үшін ерекше маңызға ие,- деді Жылыой аудандық ауруханасы емханасының бас медбикесі Айтгүл Өтебайқызы.

Осы жоба бойынша биыл жыл басынан бастап Жылыой орталық аудандық ауруханасының емханасы жане №1, №7 пилоттық емханалары мамандарын «ерте араласу» бағдарламасының әдістемелеріне және жас балалардағы дамуындағы бұзушылықтарды ерте анықтауға оқыту жүргізілген болатын.

-Ерте араласу жобасын біз осы жылдың басынан бастап «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен жүзеге асырып келеміз. Мамандарды ерте жастағы балалардағы бұзушылықтарды ерте анықтауға үйретуден басқа, жобаның негізгі кезеңі – балаларға тікелей кеңес беру және оңалту. Бүгінгі күнге дейін пилоттық емханаларда 6000-нан астам бала тегін кеңес алды. «Болашақ» оңалту орталығында 35 бала оңалтудан өтті,- деді «БолашақК» оңалту орталығының невролог-дәрігері Жаннат Ульжитаева.

Ал қабылдауға келген аудан тұрғындары мұндай ізгі шараның пайдасы мол екенін айтуда.

-Невролог-дәрігерлердің тегін қабылдау жүргізілетіні туралы мен әлеуметтік желілерден білдім және бірден тексеруден өту қажет деп шештім. Нұрмұхаммед 2 айлық, оның нейропсихикалық дамуы кешеуілдеген. Қабылдау кезінде дәрігер егжей-тегжейлі анамнез жинады, баланы мұқият тексерді, тағайындау және оңалту бойынша қосымша ұсыныстар берді. Осы жоба мен «ерте араласу» бағдарламасының арқасында біздің емханада маманнан кеңес алуға мүмкіндігіміз бар екеніне қуаныштымын,- деді ата-ана Роза Ілиясова.

Бұдан басқа, 25-27 қыркүйек аралығында «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен «Атырау облысының оңалту саласы мамандарының әлеуетін арттыру» жобасы бойынша Құлсары қаласында «БолашақК» ҚҚ мамандары классикалық емдік массаж, кинезиотерапия және нейродефектология бойынша оқыту жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері осы жоба бойынша қала мен облыста оңалту саласының 400-ден астам маманы оқытылды.

Back to top button