Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің өкімімен цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының лауазымына Алмас Көпжанов тағайындалды. Жаңа басшысы ұжымға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Алмас Көпжанов 1993 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол Еуразия Ұлттық университетінде «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған. Құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жергілікті басқару магистрі.

Еңбек өтілі:

07.2017 — 08.2017 жылдар аралығында Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасында бас маман;

08.2017 — 11.2017 жылдар аралығында Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қаржылық есеп және персоналды басқару бөлімінде бас маман;

11.2017 — 06.2019 жылдар аралығында басқарманың туризмді дамыту бөлімінде бас маман;

06.2019 — 07.2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінде бас маман;

08.2022 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Атырау облысы әкімінің аппараты жобалық басқару қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы қызметінде болды.

Айта кетейік, цифрландыру және архивтер басқармасы Әділет басқармасында тіркеліп, осы жылдың 18 тамызында құрылды. Басқарманың функционалдық қызметі — ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мен оны дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру. Сонымен қатар жобалық басқару қызметін, архив істерін үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Back to top button