Құлсары қаласының Барлаушы, Жадырасын, Шұғыла, Аэропорт ықшам аудандары мен №7, 9 және Мешіт ауылдарына он бір балалар ойын алаңы салынады, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған алаңдардың құрылыс жұмыстарын жасайтын мердігер мекеме — «Умирзак» ЖШС.
-Балалар алаңын салу жұмыстары енді басталады, қазіргі таңда құжаттар рәсімделуде. Мердігер мекеме жұмыстар басталғаннан күннен бастап 12 ай ішінде құрылысты аяқтауы тиіс, — деді Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Жанғазы Еркінов.
Бұл алаңның бір ерекшелігі – мұнда ойын алаңынан бөлек, спорт алаңы, баскетбол, футбол алаңдары және демалуға арналған беседкалар мен автотұрақ қарастырылған.