Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТуризм

Қазақстан мен Катар арасында авиарейстер артады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, 26-27 шілде күндері Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасында екі ел тасымалдаушыларының қатысуымен келіссөздер өтті. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және тұрақты халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Нәтижесінде рейстерді орындау бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойылды:

— әр тараптан Астана және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;

— әр тараптан Алматы және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;

— «ауа еркіндігінің» 5 дәрежесін қоса алғанда, әр тараптан аптасына 7-ден 10-ға дейін жүк рейсі.

Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін артпақ.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Qatar Airways» әуе компаниясы биылғы жыл соңына дейін «Алматы – Доха бағыты» бойынша орындалатын рейстер санын күніне 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ 2024 жылдың ортасында аталған авиакомпания «Астана – Доха» бағытын ашуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанға «Qatar Airways»-тің кең фюзеляжды «Боинг-787 Дримлайнер» үлгісіндегі әуе кемелері қатынайды. Келіссөз барысында әуе компаниясы Қазақстан Республикасына аталған үлгідегі кемелерді пайдалануды арттыратынын хабарлады.

Атап өтілгендей, екі ел арасында рейстер санын арттыру туризм, мәдениет, инвестиция және іскерлік ынтымақтастық бағыттарын дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Back to top button