Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, елдегі жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңгені құрайды.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 649 млрд теңге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 506,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 142,7 млрд теңге. Қазақстанда 2 млн 300 мың зейнеткер тұрады.