Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда катерлер соқтығысынан жарақат алған 6 жасар балаға ота жасалды

Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрғабыл Айтмұхамбетовтің айтуынша, зардап шеккен баланың басына күрделі ота жасалған.

«Баланың басынан жасалған күрделі ота сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді. Науқас жансақтау бөлімінен травматология бөлімінің палатасына ауыстырылды», -деп хабарлады Нұрғабыл Айтмұхамбетов.

Айта кетейік,  3 шілде күні  Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, 9 адам ауруханаға түскен.

Полиция департаментінің мәліметінше, Жайық өзенінде соқтығысқан қайықтар адамдарды серуендету қызметіне пайдаланылған. Су көлігінің бірінде 10 адам, ал екінші қайықта 25 адам болған.

Back to top button