LIV Hospital клиникасының балалар хирург-ортопеды, доцент, медицина ғылымдарының докторы Шенол Бекмез Түркия елінен іс-сапармен Атырау облыстық балалар ауруханасына келді.
Іс-сапар барысында облыстық балалар ауруханасында 2 ота өткізілді. Оның бірі 10 шілде күні болды. Науқастың диагнозы бойынша туа пайда болған ақауының асқынуы. Соның әсерінен ота жасау қажет болған. Осыған орай Шенол Бекмез шеберлік сабағы барысында сан сүйегінің остеотомиясы мен сан сүйегінің мойының ұзарту оталарын өткізді.
— Мен мұнда Атырау облыстық балалр ауруханасының шақыртуымен келдім. Біз әріптестерімізбен және жергіліті балалар ортопеді Болат мырзамен ота жасадық. Келгендегі басты мақсатым- мастер класстар өткізіп, тәжірибе жүзінде көрсетіп, тәжірибе алмасу. Кешегі ота 14 жастағы қызға жасалды. Ота өте сәтті, жақсы өтті. Алдағы уақытта жағдайы жақсарып кетеді деген үміттеміз,-деді Ш.Бекмез.
Облысымызда осындай үлкен мүмкіндіктің пайда болғанына ең бірінші Меруеттің анасы риза болды. Осыған дейін 14 жасар баласын алып, шет ел асып, ем іздеген. 3 ота жасатқан. Алайда нәтиже болмапты. Бүгінгі сәтті өткен отадан кейін Ақбаян Сәрсенбаева білікті дәрігерлер мен облыстық балалар ауруханасының басшылығына ризашылығын жеткізді.
—Меруерт Сәрсенованың анасымын. Қызыма туылғаннан «рожденный вывих» диагнозы қойылған. 5 айынан бастап дәрігерлерге қаратып келе жатырмын. Ташкент, Алматыға апардым. Осы отаны қосқанда қызымның 4-ші отасы жасалып отыр. «Стамбулдан дәрігерер келді»- деп дәрігерлер маған хабарласқан болатын. Келіп, келісімді беріп, ота жасаттым. Аллаға шүкір ота сәтті өтті. Баламен сөйлестім. Жағдайы жақсы. Қызымның қасына келіп тұрмын,-деді А.Сәрсенбаева.
Сонымен қатар, бүгін облыстық балалар ауруханасында тағы бір науқасқа ота жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының балалар ортопед травматологы Болат Есназаров мәлімдеді.
— Жоспарланған мастер класымыз. Балалар ортопед бойынша ота жасауды көптен жоспарлап жүргенбіз. Бұл өте күрделі оталардың бірі. Республикада жасалмаған. Қиын оталарды шетелден мамандармен тәжірибе алмасу барысында жасап отырмыз. Бүгін жоспарымыз жүзеге асып отыр. Келген мамандардың тәжірибесі мол. Шетелден мамандарды шақырудағы себеп, өзіміз көріп, тәжірибе алмасу арқылы өзіміз ота жасауды жоспарлап отырмыз,-деді Б.Есназаров.
Отадан соң, шетелден келген мамандар ауруханада жатқан науқастарға консультация жүргізеді. Айта кетейік, Атырау облыстық балалар ауруханасы базасында Түркия елінен келген мамандарының шеберлік сабағы алғаш рет өткізіліп отыр. Атаулы балалар ауруханасының басшылығы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында жылына 3-4 рет шетелден мамандар шақырып, шеберлік сабағын өткізіп келеді.