«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
«4 шілдеде Алматы мен Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде» -деді жауаптылар.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.