Бұл туралы Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы баяндады.
«Құрбан айт мейрамына орай өңірдегі мешіттер 10 мың балаға арнайы сыйлық үлестіреді. Ниет етіп, шалынған құрбан малының еті әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы отбасыларға таратылады», — деп мәлім етті А. Ұтысханұлы.
Бас имамның дерегіне сүйенсек, мереке күндері Атырау қаласындағы Көкарна елді мекені мен «Сарықамыс» шағынауданында, «Атырау-Доссор» бағытында қатынайтын тасжолдың бойындағы «Жұлдыз» және «Бірлік» шағынаудандарының қиылысындағы арнайы орында мал сатылады. Ал құрбандыққа шалынатын мал «Адал», «Асыл-Агро», «Тума базары» мал базарларында, «Атырау ет орталығы» мен «Қуаныш» жеке кәсіпкерлігінің алаңында сойылады.