Атырауда Құрбан айт мерекесіне орай, Айт намазы таңғы 6.30-да оқылды.
Ұлық мереке құрметіне орай, бір ғана «Иманғали» облыстық мешітіне намазға 3000-ға жуық адам жиналды. Облыс бойынша мешіттерге 21 мыңнан астам Айт намазына жығылды. Бұл туралы мешіттің баспасөз өкілі мәлім етті.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты Құрбан айтпен құттықтады.
«Раббымызға жақындаудағы ең ұнамды амал, бұл күні намаз оқу, шамасы жеткен адамның құрбан шалуы. Қамқорлық, жақсылық, ізгілік сияқты керемет қасиеттерді топтастырып тұрған Құрбан айт мерекесінде үлкен ғибрат жатыр» деді ол.