Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТуризм

Атырау климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Айтқалиевтың мәліметінше, мұнайлы өңірдегі жер қоры – 11863,1 мың гектар.

«Атырау өңірінің климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз екені жасырын емес. Қазір аталған салаға қолайсыз жердің үлесі – 58,7 пайыз. Соған қарамастан, былтыр егістік алқаптан жиналған көкөністің көлемі 99 718 тонна болды. Бұған қоса, 43 310 тонна бақша, 28 314 тонна картоп өнімі жиналды. Енді биыл жоспарға сәйкес 2945,2 гектардан көкөніс, 1 345 гектардан бақша, 1 941 гектардан картоп, 4 106 гектардан мал азықтық дақылдар алу жоспарланып отыр», — деп хабарлады Азамат Айтқалиев.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шара қабылданған. Соның нәтижесінде биыл жылыжайлар көлемі 30 гектарға, су үнемдейтін технологиялар орнатылған алқап 4,8 мың гектарға ұлғайған.

Back to top button