Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырау облысында халықтың 99,9%-ы таза ауыз су мен газға қол жеткізеді

Бүгінде Атырау облысында 2 қала және 132 ауылдық елдімекен таза ауыз сумен қамтылған. Мұнда халықтың 99,7 пайызы өмір сүреді.

Биыл жоспар бойынша 8 ауылдық елдімекенде (Қызылқоға ауданының Қоғам, Қоныстану, Қоңыраулы, Аққора, Сарқұмақ, Былқылдақты, Соркөл, Кенбай ауылдары) су құбырының құрылысы мен суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату басталды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады, деп жоспарланған. Сондай-ақ қазіргі таңда 6 ауылды сумен қамтамасыз ету үшін тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Олардың құрылыс жұмыстарын 2024 жылы бастау көзделген.

Ал газ бүгінде 2 қала және 135 ауылдық елдімекенде бар. Осылайша көгілдір отынмен халықтың 99,7%-ы қамтылып отыр.

— Өңірдің маңызды мәселелерінің бірі – инфрақұрылымды жаңғырту және олардың қуатын арттыру. Бүгінде Атырау облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін инженерлік инфрақұрылым жүйелі дамып келеді. Соның ішінде газ инфрақұрылымын жаңарту және салу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір тағы 8 ауылда газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2 ауылда осы жылы, 6 ауылда 2024 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз,— деді С.Шәпкенов.

Серік Шәпкенов бұл жұмыстардың нәтижесінде облыс халқының 99,9%-ы таза ауыз сумен және газбен қамтылатынын атап өтті.

Back to top button