Республикалық «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлы-қорғау аумағында жасыл желек егуге бағытталған іс-шара өтті. Акцияға 100-ге тарта жұмысшы қатысқан. Акция барысында 0,7 га алқапқа аймақтың сортаң топырағына төзімді қарағаш пен сұр теректің 450-ден астам көшеті отырғызылды.
Санитарлық талаптарды орындау аясында биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 65 га аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қажетті қаражат бөлді. Жыл соңына дейін тағы 32,9 га аумаққа 15 700 көшет отырғызу жоспарланған. Белгіленген көлемдегі аумақты көгалдандыру үшін «АМӨЗ» ЖШС Атырау қаласының әкімдігіне қосымша жер телімдерін беру туралы хат жолдады.