Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраудағы 4 әлеуметтік нысанға байланысты сот ісі аяқталды

2018-2020 жылдары Құрылыс басқармасымен жүргізілген 4 әлеуметтік нысан бойынша басқарманың бұрынғы және қазіргі қызметкерлеріне, сонымен қатар, мердігер мекеме, авторлық және техникалық қадағалаушыларға қатысты сот процесі аяқталды. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқан 4 нысан бар. Атырау қаласындағы бұл Қарадепо, Көкарна, ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары, сонымен қатар Дамбы ауылына қарасты 300 орындық мектептің құрылысы және Атырау қаласындағы 3 спорзал. Бұл жұмыстар бойынша «Техникаремстрой» ЖШС мердігерлік танытып жүргізген болатын. 2019-2020 жылдары пандемияға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылған. Содан соң тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар мемлекеттік қызметкерлердің үстіне тергеу жүргізілен. Бұл жұмыстар бір жылға жуық жүргізілді. Бүгін қалалық № 2 соттың шешімімен мемлекеттік қызметкерлердің барлығы және айыпталушы мекеме де кінәсіз деп танылды. Бұл жұмыстар бойынша енді біз сот шешімін күтеміз. Кейін жобаны қайта жасақтап, тез арада құрылыс жұмыстарын бастау жоспарымызда тұр деді,- Н.Құсайынов.

Сот үкімімен прокуратура тарапынан кінәлі ретінде танылғандар толығымен ақталды. Сот процесі барысында 2021-2022 жылдары Экономикалық тергеу-тексеру департаментімен қозғалған қылмыстық істің жүргізілуі кезінде ҚР Қылмыстық-процессуалды кодексінің бірнеше баптарының бұзылғандығы, сонымен қатар, қылмыстық істің көтерілуіне негіз болған сот–құрылыс сараптамаларында қателіктер жіберілгендігі дәлелденді. Құрылыс нысандарының уақтылы қаржыландырылмауы, жобамен қаралмаған қосымша жұмыстардың мердігердің өз қаражаты есебінен орындалуы, сонымен қатар, пандемия салдарынан құрылыс материалдарының қымбаттауы себепті объектілер мерзімінде пайдалануға берілмей, тоқтап қалғандығы туралы толыққанды дәйектер келтіріліп, айыптаушы тараптың «қылмыстық топ құрамында бюджет қаражатын жымқыру» туралы айыптары дәлелденбеді. Қазіргі уақытта Басқарма тарапынан аяқталмаған нысандардың құрылысын жалғастырып, қысқа мерзімде пайдалануға беру мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.

Back to top button