Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда биыл масаны улауға 50,4 млн теңге бөлінді

«Кестеге сәйкес масаны жою жұмыстары бірінші кезекте көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесі мен кіреберісінде жүргізіледі, Бұдан кейін дезинсекция жұмыстары тұрғын үйлер алабы мен саябақтарды қамтитын болады. Тендерлік конкурстың жеңімпазы атанған «AG Disinfection» ЖШС-дан бөлінген үш бриагада құрамында 25 маман мен 45 арнайы техника бар. Қазір арнайы мамандар роторлы бүріккішпен масаны улауды қолға алды. Биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 50 млн 400 мың теңге бөлінді», — деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, өткен жылға дейін мердігер мекеме мұнайлы шаһар мен оған таяу орналасқан елді мекендерді масаға қарсы улау жұмысымен қамтыған. Ал қала әкімдігіне қарайтын ауылдық округтердің әкімі масамен күресті өздері ұйымдастырады.

Back to top button