Атырауда 9 сәуірде рұқсат етілген бейбіт митингке 500-ге жуық тұрғын жиналды. Өңірдегі шығарындылар мен нашар экологиядан шаршаған олар өз пікірлерін білдіруді жөн көрді.
500-ден астам тұрғынның басын қосқан «Біз таза ауа үшін» акциясын жергілікті журналистер ұйымдастырды. Шеруге шыққандар «Өкпемді ауыртпа!», «Атырау, дем ал!», «Экология пайдадан қымбат», «Бізді улауды доғар», «Зауыт, бізді тұншықтырма» деген плакаттарды ұстап тұр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
«Біз шығарындылардан шаршадық. Соңғы күндері тыныс алу мүмкін емес, ауадан күкіртті сутегінің иісі білінеді. Қалай адамдарды осылай қорлауға болады? Біз де адамбыз, таза ауаға да құқығымыз бар», – дейді митинг ұйымдастырушыларының бірі Нұргүл Хайруллина.
Қалалық мәслихат депутаты Ілияс Қонысбайдың айтуынша, халық қалаулылары шеруге шыққандарды қолдап отыр.