«Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Астанаға келді. Аздаған уақыттан соң ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады», — делінген БОРТ1 Telegram-каналында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әзербайжан Президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алды.