Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Азық-түлік арзандады

Қазақстанда үш аптадан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы төмендеп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады деп жазады turkystan.kz.

Елімізде үш аптадан бері 6 түрлі өнімнің (қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және қант) арзандағаны байқалды. Осылайша, мемлекеттің тұрақтандыру қорлары мен өңірлердің жасақталған қорларынан көкөністерді брондаудан шығару жөніндегі шаралары қазіргі маусымаралық кезеңде оң нәтиже берді.

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке арналған апталық баға жағдайының қорытындысы мен бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды.

«Осы аптада қарақұмық жармасының бағасы – 1,3%, қант – 0,8%, пияз – 0,3% және картоп – 0,7% төмендеді. Сондай-ақ жалпы 3 өңірде (Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары) күнбағыс майы 1,1% арзандады, – деді СИМ Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков

Back to top button