Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атыраудағы 5 мектепті жөндеуден өткізуге 1,7 млрд теңге жұмсалмақ

Атырауда 5 мектепті күрделі жөндеуге 1,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Садуахасованың айтуынша, 5 мектепте күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

«Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептің бәрі Атырау қаласында орналасқан. Бұлар – №19 Қ.Сәтпаев атындағы, №13 Д.Байбосынов атындағы және №27, 31, 27-мектептер. Бес мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд 740 млн теңге бөлінді. Осыған байланысты оқушыларын төртінші тоқсанда аталған білім ордаларының онлайн форматта оқуға көшіру туралы жоспарланған еді. Кейін №19, 27 және 31-мектептердің оқушыларын қашықтан оқуға жіберуге шешім қабылданды. Ал, №13 және 22-мектептің оқушылары сабағын бұрынғыша жалғастыра береді», -деп хабарлады Гүлнәр Садуахасова.

Оның айтуын қарағанда, күрделі жөндеу жұмыстары 3,5 айдан 6,5 айға дейін созылуы мүмкін.

«Сол себептен, жөндеу жұмыстарын ерте бастауды жөн көрдік. Өйткені, мектептердің шатырына да жөндеу жүргізіледі. Оны күзгі жауын-шашынға дейін бітіру қажет. Ата-аналар мектептегі жөндеуді ерте бастауға осындай себеп арқау болғанын түсіністік қабылдағаны жөн. Біз де оқушылардың мектептен білім алғанын қалаймыз. Оқушыларды қашықтан оқыту үшін мектептен компьютер беріледі», -деп мәлім етті Гүлнәр Садуахасова.

Back to top button