Атырауда биыл қыста балық аулап жүріп мұзға құлап кеткен 49 жастағы ер адамның денесі табылды.
Құтқарушылар 49 жастағы тұрғынның мәйітін 22 наурызда таңертең сағат 9.30 шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан алып шықты. Марқұмды іздестіру жұмыстары осыдан 5 күн бұрын жанданған еді.
Еске салайық, жыл басында Жұмыскер ауылы маңындағы көлік көпірі астынан екі адам балық ауламақ болған кезде мұз ойылып, суға түсіп кеткен болатын. Оқиға орнына жеткен мамандар бір адамды судан аман алып шықты. Ал екіншісін он күн іздеп таппаған соң іздестіру жұмыстары тоқтатылған еді.