Атырау қаласы Шакиров көшесі тұсында Перетаска каналының жағалауы бойында қамыс қызыл жалынға оранды. Жану саяжай учаскелеріне ұласып, өрт салдарынан 1 жазғы үй және шаруашылық құрылыс (сарай, тауық қора, жылыжай) бөліктері бүлінді.
Қамыстың жану аумағы 1.5 га құрайды. Өрт 15:04 сағатта оқшауланып, 15:37 сағатта толықтай жойылды.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Өрттің себебі болжам бойынша, саяжай учаскесінде қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан туындап отыр.
Өртті сөндіруге барлығы 53 адам мен 12 бірлік техника жұмылдырылды.