Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырау қаласында Наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара өтті

Наурыз мерекесіне орай қаламыздың «Nurly Tal» этнографиялық саябағында «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Бұл туралы «Smart Ana» әйел-қыздар даму орталығының директоры Динара Ваисова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еліміз үшін Наурыз мейрамы — жаңа жылдың бастауы. Бұл күндері бүкіл ел бойынша халқымыздың дәстүрі жаңғыратын кез. Бүгін де қаламыздың «Nurly Tal» этнографиялық саябағында осылай киіз үйлер тігіліп, қала халқына ұлттық тағамдары ұсынылды.

Іс-шарада ұйымдастырушылар «Nurly Tal» этно-саябағының директоры Гүлжан Тұрғанқызы, «Қазақ аналары — дәстүрге жол» аналар орталығының директоры Жанар Әбіш, «Smart Ana» әйел-қыздар даму орталығының директоры Динара Ваисова сөз сөйлеп, тұрғындарды құттықтады.

— Биыл Наурыз тойымыздың өзі ерекше сән-салтанатпен, құрметпен өтіп жатыр деп ойлаймын. Мейрамды жоғарғы деңгейде тойлау үшін қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй мен ұмтылмас естелік қалдыруды жөн көрдік. Осы мақсатта «Smart Ana» әйел-қыздар даму орталығының қолдауымен және Атырау қаласының демеушілерімен қатар ұйымдастырған жәрмеңкені мерекелік концертпен қоса халық назарына ұсындық. Қазақ қолөнерін, бұйымдарын, қазақи нақыштағы өнімдерді қолдауға атсалысып, осы жәрмеңкеде сауда жасап, қазақ өнімдерінің дамуына қала тұрғындары өз үлестерін қосуда, — деді Д.Ваисова.

Сондай-ақ мерекелік шара викториналық сұрақтармен өрбіп, жақсы жауап берген тұрғындарға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар таратылды. Оған қоса ұлттық ойындармен өз жалғасын тапты.

Сонымен қатар, қаламызда бұдан бөлек Infinity Eco Park аумағында тұрғындар арасында «Nauryz cross» жүгіру марафоны, орталық алаңда концерттік бағдарлама, Томарлы мәдениет үйінде «Айтыс – сөздің майданы» атты қалалық ақындар айтысы өтті.

Back to top button