Өңірде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні қала және қала маңындағы қоғамдық көліктер тегін қатынауда. . Бұл туралы «Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Аронов мәлім етті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қоғамдық көлік жұмыс кестесіне сәйкес сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді. Ал 20 наурыздан бастап қайтадан штаттық режимде жұмыс істейді.
-Бүгінде қалада 5 автопарк жұмыс жасайды. Жалпы 31 бағытта 244 автобус жолаушыларды тасымалдайды. Олардың 16-сы қала ішінде қозғалатын болса, қалғаны қала маңындағы жолаушыларды тасымалдайды. Ал, 19 наурыз күні 150-ден астам автобус қала тұрғындарын діттеген жеріне тегін жеткізетін болады,— деді А.Аронов.
Сондай-ақ оның айтуынша, 22 наурыз күні де Наурыз мерекесіне орай қала және қала маңында қозғалатын қоғамдық көліктермен қатынау тегін болады.