Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

БҚО-да 275 адам баспаналарына оралды

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына байланысты эвакуацияланған 275 адам үйлеріне оралды. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

БҚО ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегеновтің мәлім еткеніндей, 22 адам туыстарының үйлерінде қалды.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте Орал қаласы мен Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Казталов және Бәйтерек ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғастырылды.

«Қауіпті жерлерде инертті материал салынған 5 мыңнан астам қап төселді. Қосымша 4 мыңға жуық қап дайындалды. 75 мыңнан астам текше метр су сорылды. Су тасқыны басталғаннан бері облыс бойынша 500 мың текше метр су сорылды. Соның ішінде осыған дейін су кірген 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталды. Жағдай тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда су тасқыны салдарын жою жұмыстары облыс орталығындағы 20 саяжай аумағында жүргізілуде», деді Ернұр Өтегенов.

Back to top button