Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы тасқын су басуы мүмкін ауылдарға әуеден барлау жүргізілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 13 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Жаңабаев, Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов бар топ Қызылқоға ауданындағы тасқын су қаупі төнуі ммүкін ауылдарға әуеден аэровизуалды шолу жасаған.
«Әуеден шолу жүргізуге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның «Еврокоптер 145 UP-EC033» тікұшағы тартылды. Шолу кезінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Сағыз ауылдарымен бірге Ақтөбе облысындағы су басу қаупі бар аумақтар да қамтылды. Аталған маңындағы көктемгі тасқын су келетін өзендердің қазіргі жай-күйі зерттелді» -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.